• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2010

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ

874 рет
көрсетілді

Кеше елордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жаңа университет ашылды. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: “Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық тараптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоо-лар әлемнің жетекші университеттерінің рей­тингі­не ұмтылуы керек”, дей келіп, Астанадағы Жаңа Халықаралық Университетке басымдық берген еді. Енді, міне, сол білім ордасы пай­далануға беріліп, әлемдік білім кеңістігіне енуге жаңа қадам жа­салып отыр. Президент Нұрсұлтан Назар­баев білім ордасының ашылу рә­сі­мінде бұл оқу орны кеңес үкіме­тінен кейінгі кеңістікте баламасы жоқ жаңа бірегей білім беру жо­ба­сының іске қосылуы екенін ерекше атап өтті. Ол сонымен бірге, еліміз­де Президенттің “Болашақ” халық­аралық бағдарламасының жақсы жұмыс істеп жатқанын, талапкер­лер төрткүл дүниедегі белді де бе­делді оқу орындарын бітіріп, елі­міздің дамуына өз үлестерін қосып жүргенін, ендігі жерде мұндай үрдіс өз мемлекетімізде де орнығатынын, түлектер Отанымыздың өркен­де­уіне талабы мен талантын жұм­сай­тынына сенім білдіріп, өзінің аты­мен аталатын теңдессіз оқу орнына сай болу әрбір жастың азаматтық парызы дегенді қадап айтты. Осы арада Елбасы универ­си­теттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатынын, нақтылай түссек, Өмір туралы ғы­лымдар орталығы, Балама энер­ге­тикалық орталығы, Халықаралық аспаптық орталығы жұмыс істейтінін де еске салды. Биыл бұл университетке 500 мемлекеттік білім беру гранты бөлініп отырғанын, ол студент­тер­дің оқуын, тамақтану мен тұрғын жайын өтейтінін, оларға сабақ беретін профессор-оқытушылар әлемнің мықты елдерінен келеті­нін назарға салып, дүние жүзінің ең таңдаулы деген 30 универси­теті­мен қазірдің өзінде 11 келісім жасалғанын тілге тиек етті. Сол жағалауға орналасқан бұл оқу орны 80 гектар алқапқа ор­на­ласқан. Ғимараттар мен құрылыс­тың бірінші кезегінің жалпы аумағы 143 мың шаршы метрді құрайды. Елбасы осы алып ғи­маратты аралап көріп, заманға сай жабдықталған кітап­ханада болып, ғылыми интелли­генциямен, сту­дент­термен жүздесті. Мұнымен қатар, Мемлекет басшысы әріптес шетелдік жоғары оқу орындары­ның өкілдерімен, Халық­аралық консультативтік, Жаңа универси­теттің директорлар кеңес­терімен кездесу өткізді. Кездесу барысында халықаралық дәрежедегі зерттеу университетінің жұмысын ұйым­дас­тыруға байланысты өзекті мә­селелер талқыланды. Президент сондай-ақ университеттің негізгі қызметінің маңызды ұстамдарын айқындайтын Назарбаев Универ­си­тетінің Декларациясына қол қойды. Жалпы, елорданы білім мен ғылым қаласына айналдыру жо­лын­дағы Елбасының батыл қа­дам­дарының айтулы бір жемісі сана­латын бұл оқу орны Президенттің бастамасы бойынша барлық зияткерлік элитасын қалыптастыру мақсатында құрылып отыр. Бұл болашақта Қазақ елінің ұлттық бренді болады. Университеттің академиялық және ғылыми саясаты, ең алдымен оқу орнының құрамына кіретін әрбір мектептің (институттың) әлемнің жетекші жоғары оқу орындары қатарынан өзінің академиялық әріптесінің болуын және қуатты ғылыми, сол секілді өн­дірістік базаға ие болу көз­дел­ген. Бұл білім, ғылым өндіріс ара­сындағы өзара байланысты қамта­ма­сыз етуге де мүмкіндік береді. Алты факультет бойынша: инже­не­рия, жаратылыстану, гуманитар­лық ғылымдар мектебі, медицина мектебі, магистратура және РhD бағдарламасы, 2012 жылдан бастап мемлекеттік саясат және бизнес мектебін ашу жоспарланып отыр. Университеттің заманға сай архитектуралық шешімі батыс стандарттарына жауап береді. Бар­лық оқу корпустары бір-бірімен атриум арқылы байланысқан. Бұл, кешеннің тұтастығы мен архитек­туралық жиынтығының бірлігі. Елдің назарын аударып отырған білім ордасы уақыт өте келе төрт­күл дүниедегі үздік оқу орын­дарының қатарынан орын алары еш шүбәсіз. Сүлеймен МӘМЕТ.