Ертең футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 сәуірде жерлестеріміз Вьетнамға сапар шегіп, сол жақта аталған мемлекетттің бас командасымен екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл матчтарды 13-15 сәуір күндері тамашалай аласыздар. Хошиминдегі кездесулерде есімдері төменде аталған футзалшыларға сенім артылып отыр:
Қақпашылар – Лео Игита («Семей»), Қанат Жеткербаев («Ақтөбе»).
Қапталдағы ойыншылар – Азат Валиуллин («Аят»), Ерсұлтан Сағындықов («Аят»), Иван Марахов («Аят»), Жаһангір Рәшит («Қайрат»), Дамир Қайырбай («Қайрат»), Ақжол Дәрібай («Семей»), Ержан Кәрменов («Семей»), Әбдірасыл Әбдіманапұлы («Семей»), Альберт Ақбалықов («Ақтөбе»), Сайфулла Қоспанов («Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).