Бокс 07 Сәуір, 2025

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде көш бастады

55 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBO және IBF белдіктерінің иесі Жәнібек Әлімханұлы Boxrec рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екінші орынға WBA әлем чемпионы, кубалық боксшы Эримланди Лара жайғасты. Ал үшінші орынды IBO титулының иесі, британдық боксшы Крис Юбенк иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астана қаласындағы «Барыс Арена» аренасында WBO және IBF чемпиондық белдіктерін қорғады. Ол қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені 5 - раундта техникалық нокаутпен жеңді.