Аймақтар 08 Сәуір, 2025

Қызылордада кене шаққан 23 адам көмекке жүгінген

72 рет
көрсетілді

Жылынған күн көзімен бірге улы жәндіктер де оянып, айналаға қауіп төндіре бастайды. Мысалы, Қызылордада көктем мен жазда кене шағуынан болатын Конго-Қырым қызбасы өрши түседі, деп жазады Egemen.kz. 

Мамандардың айтуынша, қазір санитарлық жұмыстар кестеге қойылған. Облыстық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлмира Сыздықованың айтуынша, былтыр облыста 115 елді мекен қолайсыз деп танылса, биыл олардың саны – 111 болып тұр. Жыл сайын қаржы бөлініп, осындай елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу шаралары екі кезеңде жүзеге асырылады. Биыл ол 9 сәуірден басталмақ. Алғашқы болып Шиелі, Жаңақорған аудандарында жүргізіледі.

Өткен жылы Конго-Қы­рым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз саналыпты. Ауруға күдікті 18 жағдай тіркеліп, оның 9-ы клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық жолмен расталған.

Ал биылғы екі айда 23 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген.