• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2010

ЖЕҢІЛ КӨЛІКТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

481 рет
көрсетілді

Жыл өткен сайын ішкі істер департаментінің материалдық-тех­никалық базасы нығайып келеді. Тек соңғы жылдары ғана жергілікті қазынадан бөлінген қаржыға жаңа бейнебақылау қо­сыны орнатылып, мекемелер жөн­деуден өтті. 5 көлік, 30-ға жуық компьютерлік техника сатып алынды. Жуырда аудандарда жұмыс істейтін полицейлер жеңіл көлік­терге ие болды. Салтанатты шараға облыс әкімі Серік Біләлов қаты­сып, ішкі істер органдары қызмет­керлеріне әртүрлі маркалы 21 жеңіл көліктің кілттерін ұстатты. Тарту­лардың жартысына жуығы шалғай­дағы Уәлиханов ауданына берілді. Сол сияқты Айыртау ауданының тыныштық сақшылары да үлкен қуанышқа бөленді. Облыстық ішкі істер депар­таментінің бастығы Дауыл Түсіп­­беков өз сөзінде қоғамдық тәртіпті нығайтуда тәртіп сақшыларына жасалып жатқан көмек пен үлкен сенімге алғысын жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.