Қаржы 13 Сәуір, 2025

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

0 рет
көрсетілді

Ұлттық банктің 13 сәуірге ұсынған ресми бағамы - бір долларға 514,94 теңге, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,13 теңге. Еуро - 583,74.Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 515 теңге. Еуро 581 - 589 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы - 521 теңге, сатып алу құны - 514 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,10 - 6,21 аралығында саудаланып жатыр.