Оқиға 15 Сәуір, 2025

Қырғызстанның Ош қаласында жер сілкінді

0 рет
көрсетілді

Жер сілкінісі 14 сәуір күні сағат 22:11-де Алматы қаласынан 452 шақырым оңтүстік-батыста болған. Зілзала ошағы Қырғызстанның Ош қаласында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі Ошта — 4 балл, Қара-Сууда — 3,5 балл, Ноокатта — 3 балл және Өзгінде — 2,5 балл деңгейінде сезілген.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер бойынша Ұлттық ғылыми орталықтың хабарлауынша, Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеген.