Шахмат 15 Сәуір, 2025

Әлем кубогіне қатысатын шахматшылар анықталды

0 рет
көрсетілді

Шахматтан Алматыда өткен FIDE World Cup іріктеу турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдер сайысында алғашқы үш орынды Афруза Хамдамова (Өзбекстан), Елназ Қалиахмет және Меруерт Камалиденова (Қазақстан) еншіледі. Сөйтіп, олар 5-29 шілде аралығында Батумиде ұйымдастырылатын Әлем кубогінің жолдамасына иелік етті.

Ерлер арасындағы бәсекеде Алдияр Аңсат, Сәтбек Ахмединов, Әлішер Сүлейменов (Қазақстан) және Мұхаммадзохид Суяровтың (Өзбекстан) асқан шеберлігіне тәнті болдық. Бұл ойыншылар 1-26 қараша күндері Нью-Делидегі дүбірлі додада бақ сынайды.