• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2010

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

1520 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс Төрағасының орынбасары В.Бобровтың жетек­шілігімен “Қазіргі бар экологиялық проблемалар және оның шешілу жолдары” атты Үкімет сағаты болып өтті. Онда Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов баяндама жасады. Министр 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының дайындық кезеңі ойдағыдай іске асырылған­дығын ерекше атап өтті. Оның мәліметіне қарағанда, шаруашылық қызметтерін тоқтата тұруға қатысты 210 материал сотқа жіберілген. Ағымдағы жылдың төрт айында азаматтарға жалпы сомасы 726 мың теңгеге 110 әкімшілік, ал лауазым­ды тұлғаларға 13 миллион теңгеге 622 айыппұл салыныпты. Қатаң шаралар нәтижесінде қоршаған ортаға шығарындылар 6 пайыз және ластанған сулар төгінділері 1,7 пайыз төмендетілген. Сонымен қатар, түскен төлемдер көлемі жыл сайын артуда. Атап айтқанда, 2008 жылы 66,5 миллиард теңге, 2009 жылы – 85,2, 2010 жылдың І жарты­жылдығында 47,9 миллиард теңге төлем қабылданыпты. 2009 жылдың қорытындысы бойынша ең төменгі табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру Батыс Қазақстан облысында (1,5 %), Павлодар облысында (4,8 %), Қарағанды облысында (5,1 %), Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облысында (8 %) байқалған. Халықаралық көміртекті сауда алаңына қосылатын ішкі көміртекті нарығын құру үдерісі елімізде де басталып, ол “Еуразиялық Сауда Жүйесі” Тауарлық Биржасы” акционерлік қоғамымен бірлесіп жүргізілуде. Таза Технологиялар Қоры таза технологиялар бойынша жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстанға 1 млрд. 269 млн. АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлінгені белгілі болып отыр. Нұрғали Әші­мов жаһандық экологиялық қор­дың және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен шамамен 100 млн. долларға 12 толық көлемді жобалар іске асырылуда екендігі­мен де бөлісті. Оның ішінде жел энер­гетикасы, биоалуандылық, сулы-батпақты алқаптар және бас­қа да нарықты дамыту бойынша жобалар да бар. Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп Қарағанды облысы Шет ауданындағы қуаң жерлерді басқару жобасы іске асы­рылса, 2011 жылдан бастап осыған ұқсас жоба Қызылорда облысында қолға алынатын болады. Еліміз өзендерінің жартысына жуығы көрші мемлекеттерден бас­тау алады. Осыған орай үсті­міздегі жылы 26-28 мамырда Пекин қала­сында трансшекаралық сулардың су сапасын қорғау туралы келісім жо­ба­сын екі елдің (Қазақ­стан мен Қытай) табиғат қорғау ведомство министрлерінің орын­басарлары дең­гейінде талқы­лау бойынша ар­на­йы отырыс өткен-ді. Сондай-ақ Арал­ды құт­қару халық­аралық қоры­ның Ор­нық­ты дамуы жөнін­дегі мемлекетаралық комис­сиясы шеңберінде жұмыс жүргі­зілуде. 2010 жылғы қазанда Аста­нада өте­тін 3-ші тараптар кон­­ферен­ция­сына жерүсті көздерінен ластануды алдын алу жөніндегі хаттамаға қол қою туралы уағдалас­тыққа қол жеткі­зіл­ген. Биоалуан­дылық мони­торингін қоса алғанда, Каспий теңі­зінің қоршаған ортасы мони­торингінің бірыңғай автомат­танды­рылған мемлекеттік жүйесін құру ұсы­нылып отыр. Еуразия су орталы­ғының қызмет етуі үшін Астана қаласында су сапасының заманауи зертханасының құрылысы жоспар­лануда, деп ерекше атап өтті Қор­ша­ған ортаны қорғау министрі. Тағы бір белгілі болғаны, Ресей тара­пымен “Байқоңыр” кешені аума­­ғында еліміз заңнама талап­тарын сақтауды көздейтін жаңа Хаттама ережесі келісіліпті. Ми­нистрлік үстіміздегі жылдан бастап ғарыш айлағында табиғат қорғау заңнамасын сақтауға алғаш рет тексеріс жүргізуді бастаған. Сонымен қатар Н.Әшімов қал­дықтардың 30 миллиард тоннадан асқандығын, соның 100 миллион тоннасы тұрмыстық қатты қалдық­тар (ТҚҚ) екендігін жеткізді. Келтіріліген мәліметтерге қараған­да, жыл сайын 700 миллион тонна өнеркәсіптік, оның ішінде 250 мил­лион тоннаға жуық улы қалдықтар түзіледі екен. Тұрмыстық қатты қалдықтардың шамамен 5 пайызы кәдеге жаратылуға немесе өртенуге жатады. Қалдықтар паспорттары­ның кадастры және тізілімі құрыл­ды (30 мың паспорт, 7,5 мың кәсіп­орын). 90-жылдары Ертіс өзені бассейнінің жерасты көк­жиек­терінде жалпы ау­даны 5 шар­шы метрді құрайтын 6460 тонна авиа­циялық керосин барлығы анықтал­ған. Оны тазартуға ми­нистрлік 69 миллион теңгені 2011-2013 жылдар­ға арналған бюджеттік өтінімге енгі­зіпті. Соңғы жылдары Семей поли­гоны аумағында шаруа­шылық қыз­мет белсендіріле түсті. “Қара­жыра” көмір кен орны өңделуде, “Жақ­сытұз” көлінен тұз өндірілуде, гео­ло­гиялық-барлау жұмыстары жүзеге асырылуда. “Азғыр” және “Капус­тин Яр” полигондары ауда­нындағы халық денсаулығының айтарлықтай нашар­лауы аса алаң­даушылықты туғызуда. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері сынақтар салдарының халық денсаулығына әсері туралы бір жақты жауап бермейді. Сон­дықтан, олардың пайда болу себептерін анықтау үшін қосымша кешенді зерттеулерді жүргізу қажет. Депутаттар өз сұрақтарында көптеген экологиялық өңірлердің мәселесін жан жақты көтеріп, біраз ойларын ортаға салды. Нәтиже­сінде Қоршаған ортаны қорғау министрінің “Қазіргі бар эколо­гиялық проблемалар және оның шешілу жолдары” тақырыбында жасаған баяндамасын назарға алу туралы шешім шығарды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.