• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Сәуір, 2025

Қазақстанның бірнеше өңірінде 19 сәуірде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Сенбі, 19 сәуір күні Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде күн суытады, кей жерлерде қар аралас жаңбыр мен сәл ғана жауын жауады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің солтүстігінде тәулік ішінде ауа температурасы −6…+6 °С аралығында болады. Қостанай облысында +19 градусқа дейін жылы болады.

Орталық аймақтарда термометр бағаны −4…+17 °С аралығында тербеледі.

Оңтүстікте ауа температурасы +5…+22 °С шамасында сақталады.

Шығыс өңірлерде −6…+3 °С аралығында суық болады.

Батыс Қазақстанда +8…+25 °С аралығында жылы ауа райы күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз. Қалада ауа температурасы тәулік бойы +3…+21 °С болады.

Соңғы жаңалықтар