Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) және «Сбербанк России» ААҚ XIX Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының шеңберінде жаңа келісімдерге қол жеткізді. Тиісті келісімдерге ERG S.a.r.l. менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич пен «Сбербанк России» ААҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Максим Полетаев қол қойды.
Бұл құжат жоғары сенімділікті және тараптардың соңғы жылдарда бірге жүргізген жұмыстарына қанағаттануды, сонымен қатар ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастығын дамыту ниетін көрсетеді. Құжаттың негізгі тармақтарының бірі – ERG қолданыстағы міндеттемелерді 6 жылға дейін ұзарту нұсқаларын қарау болып отыр. ERG – табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Инвестициялық әрі қаржылық қызмет саласында қаржылық және консультациялық қызметтердің кең ауқымдағы жаңа технологияларымен өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетті. «Сбербанк России» ААҚ компаниясының ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ бизнесті дамыту бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру жағдайында жеке шешімдерді және бәсекелестікке қабілетті шарттарда қызмет шарттарын әзірлеуге дайын.
Александр Машкевич қол қою рәсімі туралы түсініктемесінде былай деді:
– Ұзақ уақыт бойы «Сбербанк России» Eurasian Resources Group-тың ең маңызды әріптестерінің бірі болып табылады және осы жылдар ішінде кешенді банктік қызметтердің ең жоғары стандарттарын көрсетеді. Осы ынтымақтастықтың жалғасы мен кеңеюі өзара жоғары сенімге негізделген. Бұл қадам – біздің бизнесіміздің позитивті дамуының салмақты белгісі. Ол ERG басқару әдістерін мен құралдарын үнемі жетілдіретін Топ ретінде одан әрі қаржылық тұрақтылығын және тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
«Егемен-ақпарат».