ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 мамыр. Жеңістің 70 жылдығына орай Алматы облысында тыл еңбеккеріне пәтер кілті табыс етілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев Қарасай ауданындағы Ұлы Отан Соғысы ардагерінің жұбайы, тыл еңбеккері Динар-заде Сейдвалиеваға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен жеке пәтер кілті мен түрлі түсті теледидар табыс етті. 91 жастағы тыл ардагері сүйікті немересімен бірге Жеңіс күнін қарсы алатын пәтеріне кіріп, Елбасына және қазақстандықтарға ақжарма алғысын ағытты.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек, сурет: egemen.kz.