• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2015

Батыс Қазақстанда егіс алқабынан снаряд табылды

271 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 6 мамыр. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданына қарасты шалғай ауылдардың бірінің маңынан азамат соғысы кезінде қолданылған снаряд табылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарылғыш зат табылған жерде «Недопекин» ЖШС-нің егіс алқабы бар. Осы серіктестіктің механизаторы Виктор Щербаков көктемгі егіс қамына байланысты жұмыстарды атқарып жүргенде топырақ астында жатқан бітімі сопақша келген, тат басып қалған қатты темір тәріздес белгісіз затқа көзі түседі. Оның анық не екеніне көзі жетпеген тракторшы белгісіз затты орнынан қозғамай ішкі істер органы өкілдерін шақыртады. Анықтай келгенде бұл – диаметрі 45 миллиметр, ұзындығы 25 сантиметр болатын снаряд болып шықты. Оның 1918-1920 жылдардағы аласапыран кезінде қолданылғаны белгілі болып отыр. Оқиға орнына ішкі істер бөлімінің қызметкерлері арнайы барып, жарылғыш затты залалсыздандырды. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz.