Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өтпелі кезеңдегі Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отунбаеваға жеделхат жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Жеделхатта Қазақстан Қырғыз Республикасында референдумның өткізілуімен құттықтайды және жұртшылық талғамының қорытындылары елде қоғамдық-саяси үдерістердің басталуы мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтануына қызмет ететініне сенім білдіреді, деп атап өтілген.
“Қазақстан көршілес мемлекеттегі ахуал қалыпты күйге түскеніне шынайы тұрғыдан мүдделі және экономика мен саясатта, қоғамдық өмірдің өзге саласындағы реформаларды жүргізуде өз тәжірибесін бөлісуге және бауырлас елге көмек көрсетуге дайын.
Біз Қырғызстанның саяси күштерін елдің экономикалық жаңаруы мен халықтың маңызды әлеуметтік проблемаларын шешу үшін күш-жігерін біріктіруге шақырамыз”, — делінген жеделхатта.