Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХVІІІ сессиясының шешімі
Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылы мен Мұхаммед Хайдар Дулати даңғылының қиылысында орналасқан саябаққа атау беру туралы
Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігі қаулы етеді және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім етті:
1. Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Әл-Фараби даңғылы мен Мұхаммед Хайдар Дулати даңғылының қиылысында орналасқан саябақ “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы” болып аталсын.
2. Алматы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы саябақтың есім көрсеткіштерін жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджеті есебінен қаржы қарастырсын.
3. Бостандық ауданының әкімі (З.Ж.Аманжолова) осы нормативтік құқықтық актіні іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Б.Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына (С.Т.Сейдуманов) жүктелсін.
Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. ЕСІМОВ.
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVІІІ сессиясының төрағасы А. ШЕЛИПАНОВ.
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.МҰҚАШЕВ.
_______________________________________________________________
2010 жылғы 10 маусымдағы №2/402 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы кезектен тыс XXVІІІ сессиясының №326 шешімі. Алматы қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 маусымында №850 болып тіркелген.