• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2015

2017 жылы Дубайда 100 пайыз күн көзінен қуат алатын қонақ үй ашылады

480 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 мамыр. Біріккен Араб Әмірліктерінде электр энергиясын 100 пайыз күн батареялары арқылы алатын қонақ үй ашылады. Аталған кешенді 2017 жылдың бірінші жартысында ашу жоспарланған. Бұл туралы Inter Continental Hotels Group (IHG) компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап, 24today.net хабарлады. Indigo деп аталатын қонақ үй 170 бөлмеден тұрады. Сондай-ақ, жаңа кешен IHG компаниясы тобының мүшесі. Аталған нысанның тағы бір ерекшелігі, барлық ағын және қалдық сулар толығымен қайта өнделеді. Қонақ үй елдің ірі қаласы – Дубайдың тыныш аудандарының бірінде салынбақ. Жобаны жүзеге асырушылардың негізгі мақсаты – максималды экологиялық таза қызмет көрсету. Құрылыс жұмыстарымен айналысушы компанияның атқарушы директоры Фарис Саид қонақ үйдің қалалық электр желісіне қосылатынын айтты. «Бұл күн батареялары арқылы алынған қуат көзі артылған жағдайда, сол желі арқылы өзге нысандарға сату үшін керек. Мұндай тәжірибе электр энергиясының бағасын шамамен 25-30 пайызға арзандатады», – дейді Фарис Саид. Бүгінде IHG тобына БАӘ-дегі 18 қонақ үй мүше. Алдағы 5 жылдың ішінде компания тағы осындай 10 қонақ үй ашуды жоспарлап отыр. Жалпы, Inter Continental Hotels Group франшизі бойынша әлемде 4 800 қонақ үй бар екенін айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: 24today.net. Сурет: pozitiv-news.ru.