АСТАНА. 6 мамыр. Асқар Жұмағалиев «ҚазАтомӨнеркәсіп ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Асқар Жұмағалиев 1972 жылы 2 тамызда Ресейдің Орынбор облысында туған. Свердлов Суворов әскери училищесін, Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, Алматы қаласы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің техника факультетін радиобайланыс, радиотарату және теледидар мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң академиясының заң факультетін «Заңтану» мамандығы бойынша және Швейцариялық федеративтік технологиялар институтын электрондық басқару жөніндегі шебер мамандығы бойынша бітірген.
Асқар Қуанышұлы бірқатар мемлекеттік лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Соңғы қызметі – Инвестициялар және даму министрінің орынбасары.
«Құрмет» орденінің иегері.
«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Қазақстанның уран және өзге металдарды экспорттау жөніндегі ұлттық операторы. Компанияның 100% акциясы мемлекетке тиесілі. Ұлттық компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының баспасөз қызметі.
Сурет: kapital.kz.