• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

412 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық эконо­микалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ян Кубишті қа­былдады, деп хабарлады Қазақ­стан Респуб­ли­ка­сы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында екі жақ­ты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. – Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының нәтижелерін оң бағалаймыз. Еліңіз бұл тұрғыдан ал­ғанда үлкен табыстарға қол жет­кіз­ді деп есептеймін. Біз Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қырғызстандағы ахуалды реттеудегі маңызды рөліне ерекше разымыз, – деді Я.Кубиш. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Heenan Blaіkіe” заң кор­порациясының кеңесшісі, Канада­ның бұрынғы Премьер-ми­нистрі Жан Кретьенді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу кезінде екі жақты ын­ты­мақтастықтың мәселелері та­л­қыланды. – Қазақстан мен Канада тек өздерінің стратегиялық бағыттары жағынан ғана емес, сондай-ақ ба­тыс елдерінде жалғасып жатқан дағ­дарыс кезеңіндегі экономикалық табыстары жағынан да ұқсас. ЕО және АҚШ қазақстандық эко­но­ми­ка­ның 8 пайыздық өсіміне тек қызығушылық танытады. Мен бұл өсім Президент Н.Ә.Назарбаевтың ақыл-ойға құрылған экономикалық стратегиясының арқасында болып отыр деп есептеймін, – деді Ж.Кретьен. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Даму банкінің пре­­зиденті Ахмад Мохаммед Али Әл-Маданиді қабылдады, деп ха­барлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында екі жақ­ты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды. – Мен үшін Нұрсұлтан Назар­баев­пен кездесу және оны алдағы Елорда күнімен құттықтау үлкен құр­мет. Мен Қазақстанның астана­сы қандай қуатты қарқынмен да­мып келе жатқанын, елдің эконо­ми­касының арта түскенін көріп отыр­мын. Бұған Президент Н.Ә.На­зарбаевтың саясатының нәтижесінде қол жетіп отыр. Біз Қазақстанның келесі жылы Ислам Конференциясы Ұйымының төр­ағасы болатынына қуаныштымыз. Бұл Қазақстан мен ислам елдерінің арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына көмектесетін болады, – деді А.Әл-Мадани. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия Даму банкінің вице-президенті Шао Жаоны қа­былдады, деп хабарлады Қазақ­стан Рес­публикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу кезінде екі жақты ын­ты­мақтастықтың мәселелері тал­қыланды. – Азия Даму банкі атынан мен Президент Н.Ә.Назарбаевты дағдарыстық кезеңнен кейінгі елдегі табыстарымен және әлемдегі қолайсыз қаржылық жағдайға қарамастан жедел экономикалық өсімге қол жеткізгендігімен құт­тық­тадым. Мен Президентке Азия Даму банкінің Қазақстанмен бірлескен ынтымақтастық бойынша не істеп жатқанын баяндадым. Биылғы жылы біз жол құрылысы саласы мен шағын және орта бизнесті қолдауда бірқатар жоба­лар­ды қаржыландыру үшін 1 мил­лиардтан астам доллар бөлуді жос­парлап отырмыз. Біз Қазақстанмен ынтымақтастық табысты бола­ты­нына сенімдіміз, – деді Ш.Жао. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы Тайыр Мансұровты қа­былдады, деп хабарлады Қазақ­стан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Т.Мансұров Президентке би­ылғы жылы 5 шілдеде Астанада өте­тін ЕурАзЭҚ-тың Мемлекет­ара­лық кеңесінің отырысын өткізуге дайындығы және ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесі (Кедендік одақтың жоғары органы) туралы хабарлады. Бұл отырыста Кедендік одақтың Кедендік кодексінің күшіне енуі және Кедендік одақ мә­селелерін қарау жөніндегі өкілет­тігі кеңейтілетін ЕурАзЭҚ соттары мәртебесінің жаңа редакциясы жө­нінде маңызды құжаттар қабылда­натын болады. ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық ке­ңесінің төрағасы ретінде Еуразия­лық экономикалық қауымдас­тық­тың 10 жылдығына байланысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшылары мәлімдемесінің мәтіні барлық тараптармен келісілгенін мәлімдеді. Әңгімелесу барысында сондай-ақ алда өтетін ЕурАзЭҚ-тың Мем­лекетаралық кеңесі отырысының күн тәртібі талқыланды.