АСТАНА. 22 маусым. Камбоджаның Чам провинциясында біздің дәуірге дейінгі оныншы ғасырдағы ғибадатхананың орны мен құнды жәдігерлер табылды. Бұл туралы Phnom Penh Post газетіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Мал бағып жүрген бақташы балалар Ангкорск кезеңіндегі ғылымда белгісіз болып келген ежелгі индуистік ғибадатхананың орнын тапты. Дәлірек айтсақ, сиыр табынын жайылымға айдап келе жатқан ауыл балалары провинциялық астана маңындағы шағын төмпешік жанынан ежелгі мүсін сынықтары мен кесілген тас плиталарды кезіктірген. Ал ауыл тұрғындары бұл жәдігерлер жайында полицияға, мәдениет, өнер департаментіне шұғыл хабарлаған.
Кампонг Чам провинциясы мәдениет және өнер депатаментінің директоры Сок Тхоук: «Бұл төмпешік баяғыдан белгілі. Бірақ бұл жерде ежелгі ғибадатхана бар деп кім ойлаған. Таяу уақытта ауқымды архелологиялық экспедиция жасақтау туралы мәселені алға қоюды жоспарлаудамыз», – деп мәлімдеме жасады.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».