Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Канада үкіметінің бұрынғы басшысы Жан Кретьенмен кездесті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайлар бойынша пікір алмасылып, Қазақстан-Канада экономикалық өзара қарым-қатынасының перспективалары талқыланды.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов кеше сондай-ақ, Ислам Даму банкінің президенті Ахмад Мохаммед Али Әл-Маданимен кездесті. Оның аясында Ислам банкингінің Қазақстандағы даму мәселелері мен екіжақты өзара іс-қимыл жайы талқыланды.