Оқиға 17 Маусым, 2025

Ақтөбеде үшем дүниеге келді

40 рет
көрсетілді

Ақтөбе медициналық орталығының мамандары 30 мамыр күні Расул мен Полина Саматовтардың отбасында Амир, Амин және Айшаның дүниеге келуіне себепкер болды. Үш сәби қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Расул мен Полинаның бес жасар Даяна мен үш жасар Ислам есімді балалары бар. Жас отбасын қуаныштарымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі құттықтады.

Айта кетсек, жыл басталғалы өңірде 5255 сәби дүние есігін ашқан. Оның ішінде елу бірі – егіздер болса, екеуі – үшем екен.