• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2015

Атырау облысында 2,8 млрд. теңгенің 373 мүлкі заңдастырылды

231 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 16 ақпан. Атырау облысында 2,8 млрд. теңгенің 373 мүлкі заңдастырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Елімізде өткен жылдың 1 қыркүйегінде бастау алған мүлікті заңдастыру шарасына атыраулықтардың да қызығушылығы арта түсуде. Заңдастыру шарасына байланысты құрылған комиссиялар мүшелерінің мәлім етуінше, атыраулықтардан 4,2 млрд. теңгенің 505 мүлкін заңдастыруға 397 өтініш түскен. Мұның ішінде 377,7 млн. теңгеге бағаланған 23 мүлікті құжаттардың жетіспеушілігінен заңдастырудан бас тартылған. Сонымен бірге, қазір комиссиялар мүшелерімен 109 мүлікке қатысты 72 өтініш қарастырылып жатыр. Бұлда көрсетілген мүліктердің жалпы құны 1,1 млрд. теңгені құрайды. Мүліктерді заңдастыруға байланысты өтініштердің басым бөлігі, яғни, 303-і Атырау қаласы тұрғындарының үлесіні тиесілі. Қалалық тұрғындар 152 тұрғын үй мен коммерциялық бағыттағы әртүрлі 126 нысанды заңдастыруды көздепті. Ал Құрманғазы ауданынан 33, Қызылқоғадан -21, Исатайдан -20, Жылыойдан -15, Махамбеттен -3 және Мақат ауданынан 2 өтініш түсіпті. Бір қызығы, Индер ауданының тұрғындарынан мүлікті заңдастыруға бірде-бір өтініш берілмепті. Сондай-ақ, атыраулықтар тарапынан шетелдердегі мүлікті не қаржыны заңдастыру туралы өтініш болмапты. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.