• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2015

Қызылорда облысында аудан әкімі тағайындалды

307 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 ақпан. Қызылорда облысының басшысы Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Жаңақорған ауданының әкімі болып Руслан Рүстемұлы Рүстемов тағайындалды. Бұл туралы e-kzylorda.gov.kz хабарлады. Ал ауданды 3 жылдан бері басқарған Сұлтанбек   Тәуіпбайұлы И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжіне директор қызметіне ауысты. Руслан Рүстемов 1968 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне түсіп, оны 1994 жылы «филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 1994-1996 жылдары аралығында Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, 1996-1997 жылдары аталмыш оқу орнының «Филология» оқу-ғылым кешені директорының орынбасары, 1997-1998 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің маманы, кеңесшісі, қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған. 1998-1999 жылдары қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мәселелер және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, 1999-2007 жылдары аралығында Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, ал 2007-2010 жылдары ішінде Қызылорда облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары болды. 2010-2011 жылдары «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы. 2011-2014 жылдары аралығында «Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 2014 жылдың 2 шілдесінде облыс әкімінің №458-өкімімен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: e-kzylorda.gov.kz.