• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

287 рет
көрсетілді

Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жезқазған филиалы 2015 жылғы 26 мамырда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объек­тілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жеке­шелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – қағида) сәйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын әді­сі­мен аукционға республикалық мен­шіктегі мына объектілер қойылады: ВАЗ-21214 автокөлігі, 2008 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 884 CS, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Байғозы батыр көшесі, 12. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысының статистика департаменті» РММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 358 000 теңге, кепілді жарна – 53 700 теңге. ГАЗ-2705 34 автокөлігі, 2006 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 553 CK, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Нияз батыр көшесі, 12. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамалық институты» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 418 000 теңге, кепілді жарна – 62 700 теңге. Сауда-саттықтың голланд әдісі­мен аукционға республикалық меншіктегі мына объект қойылады: ВАЗ-21103 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М 301 КР, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Железнодорожная көшесі, 5. Баланс ұстаушы – «Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы» ММ. Алғашқы баға – 130 000 теңге, бастапқы баға – 650 000 теңге, ең төменгі баға – 37 797 теңге, кепілді жарна – 19 500 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күн­нен бастап жүргізіледі және аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді жарналар бірыңғай опера­тордың мына шотына төленеді: «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ; БСН 050540004455, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, банк атауы – «Қазкоммерцбанк» АҚ, ТТК 171, БеК 16, төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемдері кірмейді). Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол бе­ріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қаты­сушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәй­кес­тендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәй­кес­тендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), то­лық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағ­дайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін көрсетіп тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тір­келу үшін қатысушы ЭЦҚ қойыл­ған аукционға қатысуға өтінімді қағиданың қосымшасына сәйкес объект бойынша тізілімнің веб-порталына тіркеуі қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркел­геннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде сатылатын объект бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімде қатысу және тіркеу бойынша көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион залында элек­трон­дық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысу­шылардың бірде-біреуі осы қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ние­тін растамайтын болса, осы жекеше­лендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында элек­трондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысу­шылардың біреуі осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бас­тапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысу­шылардың бірде-біреуі жеке­шелендіру объектісінің ағым­дағы құнын арттыру жолымен жеке­шелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы же­ңімпаз болып танылады, ал осы жеке­шелендіру объектісі бойынша элек­трон­дық аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі­мен электрондық аукцион қатысу­шылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бас­тапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісімен электрондық аукцион өткі­зілді леп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер электрондық аукцион бас­талған сәттен бастап екі минут ішін­де қатысушылардың бір­де-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жеке­шелендіру объектісінің бастапқы бағасы қағидамен сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жеке­шелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысу­шы сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Әрбір сатылған жекешелендіру объек­­­тісі бойынша электрондық аукцион нә­тижелері аукцион нәтижелері туралы элек­трондық хаттамамен ресім­деледі, оған сатушы және жеңім­паз ЭЦҚ-ны пай­даланып сауда-саттық өткізілген күні ті­зілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жеке­шелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, 408-кабинет мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату келісімшартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұл­ғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тура­лы куәліктің не анықтаманың; заң­ды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәлан­­дыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұл­ғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсетіп, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырылған көшір­мелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыс­тырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан 8 (7102) 73-40-14 телефоны арқылы алуға болады.