• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2015

Денис Тен «төрт құрлық турнирінде» топ жарды

251 рет
көрсетілді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында мәреге жеткен «төрт құрлық турнирінде» бірінші орынды жеңіп алды. Алдымен қысқа бағ­дар­лама­да 97,61 ұпаймен топ басына шыққан Денис еркін бағдарлама сайысында да алдына жан салмады. Барлық жаттығуларын жоғары дең­гейде орындаған ол 191,85 ұпай алып, қос жат­тығудың қоры­тындысында 289,46 балл жи­нады. Сөйтіп, «төрт құрлық тур­нирінде» бас жүлдегер атан­ған бірінші қазақстандық спорт­шы атанды. Айта кететін жайт, бұл осы маусымдағы ең үздік нәтиже болды. Турнирде АҚШ сенімін арқалап келген Джошуа Фаррис жарыста 260,01 ұпаймен екінші орын алса, қытайлық Янь Хань қола жүлдеге қол созды. Бұлардың біріншісі 260,01 балл жинаса, екіншісінің жетістігі 259,47 ұпайға теңесті. Жарысқа қатысқан тағы бір жерлесіміз Абзал Рахымғалиев 168,10 ұпаймен турнир кестесінің 20-орнына жайғасты. Енді Денис Тен наурыз айында Қытайдың Шанхай қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын болады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.