• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы 09 Шілде, 2025

Алматының таулы аумақтарында тасқын болуы мүмкін

Құтқарушылар ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

"Қазгидромет" РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 10-11 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.

– Қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, тау бөктерлері мен өзен арналарына жақындамау, сондай-ақ ауа райы болжамының жаңартуларын қадағалау ұсынылады, – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Соңғы жаңалықтар