Еліміздің оңтүстігіндегі «Сыпатай батыр» бақылау-өткізу бекетіндегі шекарашылар 700 дана әскери қапты заңсыз алып өтуге тырысқан 34 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады.
«Toйота» автомашинасына мініп, қырғыз жерінен келе жатқан азаматтың ісі кеден қызметкерлеріне берілді, ол енді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 551-бабының 1-тармағы бойынша жауап беретін болады.
Еліміздің солтүстігіндегі Қостанай шекара отрядының «Қайрақ авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары «Рудный – Челябі» бағытында кетіп бара жатқан автобустан 28 жастағы отандасымызды ұстауға мәжбүр болды. Шекарашылардың қызметтік иті аталған азамат отырған орындықтың арқалығына жасырылған есірткі затын бірден тапты. Тексере келгенде ол марихуана болып шықты, салмағы 5-7 грамм. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі