• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2015

Құжатты қолмен түзетіп...

286 рет
көрсетілді

Еліміздің шығысындағы «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің наряды темекі өнімдерін заңсыз өткізуге тырысқан 22 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Одан жалпы саны 3 400 қорап темекі табылды. Аталған істің материалдары Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-тармағы бойынша Алматы облысының Панфилов аудандық прокуратурасына жолданды. Осы күні еліміздің оңтүстігіндегі «Сыпатай батыр авто» бекетінде 58 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Қазақстаннан көршілес Қырғызстанға кетіп бара жатқан азаматтан заңсыз 60 килограмм дәрі-дәрмек шықты. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Құр­манғазы авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 11 бас мүйізді ірі қараны шекарадан заңсыз өткізуге әрекеттенген ресейлік екі азаматты ұстады. Екі жүк көлігіне тиеген ірі қаралардың құжаттары дұрыс емес екен. Көрсеткен құжаттарының мерзімі өтіп кет­кенімен қоймай, оның біраз жері қолмен түзетілгендігі анықталды. Аталған дерек бойынша материалдар Атырау облысының Құрманғазы аудандық ішкі істер бөліміне табысталды, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.