• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2015

Балалар үйі балаларына қамқорлық

515 рет
көрсетілді

Ақмола облысы, Ақкөл ауданында орналасқан «Боровичок» демалыс аймағы 25 жылдан бері балдырғандардың күлкісімен көмкеріліп келеді. Жыл сайын астаналық балалар үйінің барлық тәрбиеленушілері аталған демалыс орнында жазғы күндерін қызықты өткізуге мүмкіндік алады. Сауықтыру маусымының ашылуына арналған салтанатты сап түзеу өткізілді. «Астаналық балалар үйі тәрбие­ленушілері 3 ай бойы «Боровичок» жазғы лагерінде демалатын болады. Былтырғы жылы 250 бала тәрбиеленген болса, биылғы жылы 134 бала қарауымызда. Жыл сайын мұнда келушілердің саны азайы­п келеді, әрине бізді қуантатын жағ­дай. Бұл елімізде жетімдер са­нының азайып жатқандығының көрсеткіші. Осы уақытқа дейін жүз бала патронаттық қамқорлыққа алынды. Отбасы тәрбиесіне алынса да 25 жасқа толғанша міндетті түрде қадағалауымызда болады. Біз қанша жақсылық жасағанымен, әрбір сәби жүрегі ата-ананың мейіріміне бөленуін аңсайтыны анық», дейді Астана қаласы білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева. Балалар үйі тәрбиеле­нуші­лердің туыстық байланыстарын ескере отырып 12 отбасына бөлін­ген. Мұнда балалар 4 жастан бастап мектеп бітіргенге дейін тәрбиеленеді. «Балалар үйінде 19 жылдан астам қызмет етемін. Бұл лагерь табиғаты өте әсем жерде орналасқан. Демалыс кезінде балалардың таза ауада көбірек болуына және сапалы білім алып, спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Мұнда жыл сайын балалар үшін табиғатты қорғау жөнінде арнайы сабақтар өткізіледі. Демалыс орын­ы тек жаз айында ғана емес, сонымен қатар, жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейді. Қыста көбіне жоғары сы­нып оқушылары таза ауа­да шаңғы теуіп қызықты сәттерге куә болады», дейді балалар үйінің тәрбиешісі Бәтес Смағұлқызы. Балалар үйінің мұғалімдері өз тәрбиеленушілерінің бос уа­қыт­тарын көңілді ұйымдастырумен қатар, әр баланың шығармашылық қабілетін одан әрі жетілдіріп, олар­дың бойындағы қабілеттерін ашу мүмкіндіктерін де қарас­тырып отыр. Шара соңында мектеп біті­руші түлектерге аттес­таттар мен куәліктер табысталып, белсенді оқу­шылар бағалы сый­лықтармен марапатталды. Мектеп түлектері ұмытылмас бұл күнді достар арасында от алауын жағып аяқтады. Динара ДОСПАН.