Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев ІІІ дәрежелі Әулие Сергий Радонежский орденімен марапатталды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Парламент депутатына бұл марапатты кеше Теміртау қаласындағы жаңа православие шіркеуінің ашылу салтанатында Астана және Алматы архиепископы Александр табыс етті. Депутатқа осы орден аталған храмның бой көтеруіне сіңірген еңбегі үшін берілген.
“Нұр Отан” ХДП атынан сайланған депутат өз кезегінде берілген марапат үшін алғысын білдіріп, Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында мүмкін болып отырғанын атап өтті.