• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2015

Уағдаластықтың орындалуы ерекше маңызға ие

290 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Екі елдің көшбасшылары Ук­раина дағдарысын реттеуге ар­нал­ған Минск кездесуінің қорытын­дыларын талқылады. Қазақстан Президенті нақ осы  «норманд төрттігінің» жоғары деңгейдегі кездесуі, әсіресе, Вла­димир Путиннің келіссөздер кезін­дегі белсенді ұстанымы Минскіде келісімге жетуге септігін тигізгенін атап өтті. Мемлекет басшылары қақты­ғы­сушы екі тараптың да оқ атуды белгіленген сағатта (2015 жылғы 15 ақпан, 00.00 сағат) тоқтату туралы уағдаластықты орындауы ерекше маңызды екеніне тоқталды. Қазақстан мен Ресей Пре­зи­денттері бейбіт үдерісті қамта­ма­сыз етуге жұмсалған күш-жігер Ук­раи­надағы қақтығыс мәселесін шешу­ге септігін тигізеді деп үмітте­не­тіндерін жеткізді. В.Путин, сондай-ақ, экономика саласындағы бірлескен жұмысты талқылау үшін Беларусь, Қазақстан және Ресей басшыларының Аста­надағы үшжақты кездесуіне қатысуға дайын екенін растады. Телефон арқылы сөйлесуге Ре­сей жағы бастамашылық етті.
Соңғы жаңалықтар