• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2010

СЕНІМ ГРАМОТАСЫН ТАПСЫРДЫ

513 рет
көрсетілді

30 маусымда Қазақстан Республи­ка­сының Үндістандағы елшісі Дулат Қуа­нышев осы ел Президентінің са­райын­да Президент Пратибхе Патил ханымға сенім грамотасын тапсырды, деп хабар­лады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Ресми салтанат барысында Индия Президенті П.Патил 2009 жылы Индия Республикасының күніне басты құрмет­ті қонақ болып келген Президент Н.На­зар­баевтың мемлекеттік сапарында негізі қаланған екі елдің стратегиялық ынты­мақтастығының дамуы мен ны­ғаюы­на мүдделі екендігін атап өтті. Соны­мен қатар, П.Патил ШЫҰ және АӨСШК секілді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі әріптестіктің арта түскеніне де ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Д.Қуанышев Индия Президентін Қазақстанның саяси, эко­но­микалық және әлеуметтік салаларын­дағы, сонымен қатар, Қазақстан Рес­публикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағасы ретінде жасап жатқан шараларынан хабардар етті. Экономикалық ынтымақтастық тақырыбын қозғай отырып, Индия Президенті Қазақстан дипмиссиясы басшысының өзара инвестицияларды тартудың қарқынын белсенді ете түсу қажет деген пікірімен келісті. Сондай-ақ, әңгіме барысында П.Па­тил Астана күнінің тойлануына бай­ланысты қызығушылық танытты.