• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2015

Өскемендегі денешынықтыру-сауықтыру кешені спорт мектебіне берілді

496 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 17 ақпан. Өскемендегі денешынықтыру-сауықтыру кешені жақында олимпиялық резервтегі мамандандырылған спорт мектебінің қарауына алынды. Қазіргі кезде кешенде бассейнді тазалау, оған су құю жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң бассейнге келу кестесі біршама өзгертіледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Спорт мектебінің директоры Арсен Теннің айтуынша, мұнда мектеп оқушылары мен қаладағы барлық спорт бөлімдерінің тәрбиеленушілері жүзумен жаттығатын болады. Алайда, бұл қала тұрғындары үшін денешынықтыру-сауықтыру кешенінің есігі жабық дегенді білдірмейді. Олар бассейн спортшылардан босаған уақытта жаттыға алады. Жаңа кесте 20 ақпаннан кейін белгілі болмақ. Сондай-ақ мектеп басшылығы кейбір санаттағы азаматтар үшін бассейнді тегін пайдалану мүмкіндіктерін қарастырып отыр. «Қазір бізде спортшылардың жүзу кестесі әзірленіп жатыр. Спортшылардан босаған уақытта бассейн халық игілігіне жұмыс істейтін болады. Бұрын балалар түрлі орындарда жаттығатын. Енді кешеннің мектеп балансына берілуі арқылы көптеген спорттық секциялар, көркем гимнастика, волейбол және басқа да үйірмелер тұрақты орынға ие болды», – деді Арсен Тен. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: yka.kz.