• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2015

Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізінде жұмыс жалғасуда

339 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 19 наурыз. Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізінің Оңтүстік Қазақстан облысына тиелісі ең ірі тармағында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазығұрт өткелінде «Аккорд» фирмасының жұмысшылары бетон төсеу үшін арнайы техникаларды дайындап, қосымша жұмыстарды атқаруда. Ауа райының қолайлы болуына байланысты жылдағыдан бір ай бұрын іске кіріскен құрылысшылар осы уақытқа дейін 13 шақырымға бетон төсеп үлгерді. Жыл аяғына дейін тағы 24 шақырым жолды жөндеп тапсыруы тиіс. Қазір компанияда 200-ге жуық адам жұмыс істеуде. Айта кетейік, Шымкенттен Өзбекстан шекарасына дейінгі аралық 90 шақырымнан асады. Аталған компания өзіне тиесілі құрылыс жұмыстарын аяқтап болған соң келесі тармақты қытайлық компания жалғастырады. Үш тармақтан тұратын жол 2016 жылы толық бітіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бақтияр Тайжан. Дерек: egemen.kz. Сурет: centralasiaonline.com.