• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2015

Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті қысқарады

298 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 19 наурыз. Бүгін Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары бас қосты. Кезекті 36-сессия әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа ғимаратта өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Депутаттардың талқылауына ұсынылған 17 мәселе алдын ала тұрақты комиссияларда жіті қаралғандықтан, 20 минутта шешім қабылданды. Жалпы, 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі 429 млрд. теңге болса, ол 3,5 млрд. теңгеге ұлғайып, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферт 35 млрд. теңгеге қысқарған. Алайда, елдімекендерді газдандыру, ауыл шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржылар қысқартылмайтын болды. Бақтияр Тайжан. Дерек: egemen.kz. Сурет: otyrar.kz.