ТАЛДЫҚОРҒАН. 19 наурыз. Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласындағы «Жастар» паркінде 400 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Көшеттердің негізгі бөлігін қарағай, тянь-шань шыршасы мен көк шырша ағаштары құрайды. Аталған шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан өкілдер қатысты.
Болашақта «Жастар» паркі қала тұрғындарының ең сүйікті демалыс орындарының бірі болмақ. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сол жерде өткен шарада мәлімдеп, жиналған қауымға парктің жоба-жоспарын көрсетті. Бұдан басқа, облыс басшысы ағымдағы жұмыс барысымен танысып, тиісті органдарға тапсырмалар жүктеді.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: zhetysu.gov.kz.