• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2015

Ливанда армяндар мен түріктер арасында қақтығыс болды

347 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Бұрнағы күні Ливанның астанасы – Бейрут шаһарында жергілікті армян диаспорасы мен түрік елшілігі қызметкерлері арасында қым-қиғаш төбелес орын алды. Бұл туралы араб БАҚ-тары хабарлады. Жанжалға түрік армиясының Чанаккалені алу кезіндегі жеңісіне арналған «Соңғы хат» деген фильмнің жүруіне бір топ армянның кедергі келтірулері себеп болған. Мұнда «Дашнакцутюн» партиясының белсенділері мен армян студенттік одағының мүшелері кинотеатрды қоршап алып, түріктерді қорлайтын сөздер айтып тұрып алған. Нәтижесінде Түркияның Ливандағы елшілігінің қызметкерлері мен армян белсенділері арасында төбелес бұрқ ете қалған. Араб тілді басылымдар қақтығыстың салдарынан екі армянның жарақат алып, екі түріктің қамалғаны айтылады. Мұрат Айтқожа.