• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2010

ҚАЙТАЛАНБАС ТҰТАСТЫҚ

556 рет
көрсетілді

Облыстық өлкетану му­зейінде “Қайталанбас тұтас­тық” атты  байқау-көрме ұйымдастырылды.  Бұл шара көрме ғана емес, жа­рысқа негізделуімен де көрерменге қызықты болды. Оған облыс аудан, қа­ла­ларынан тоғыз музей қа­тысты. Облыстық тарихи-өл­­ке­тану музейі мен облыстық мә­дениет басқар­масы  осындай шаралар ар­қылы мұражайлардағы қор­лардың мүмкіндігін толық аша отырып, бүгінгі кө­рер­мен сана­сында хал­қы­мыз­дың, өлкенің тарихын жаңғыртуды басты мақсат тұтыпты. Бай­қауға қатысқан музейлер түрлі тақырыпта жобалар ұйым­дастырды. Қазылар ал­қасы оларды  “Ең көне бұйым”, “Жиын­дық­тардың алуан түрлілігі”, “Жиынтық түйіні”, “Білім беретін мұражайлық ин­но­вациялық бағдарламалар” сияқты бірнеше аталым арқылы  таразылады. Мысалы,  Арқалық қала­сын­дағы Дала тарихының музейі байқауға жалғыз сәу­келемен ғана қатысты. Жангелдин аудандық  тарихи-өлкетану музейі Міржақып Дулатовтың өмірбаянына қатысты 105 фотосуреттің 35-ін осы байқау-көрмеге ұс­ынды. Руд­ный қалалық музейі “Нил Сор­ский. Жәдігер не туралы сыр шертеді?” жобасын “Ең көне бұйым номинациясына ыңғайлапты. –  Музейлер­де мыңдаған жәді­гер­лер сақтаулы. Ал оларды тек қорда сақтап ғана қоймай, көрерменге мүм­кіндігінше ұсынып, оларға көрсетіп оты­ру керек. Жасыратыны жоқ, қазір  бұл мәдениет ошақ­та­рына адамдар жиі бас сұға бермейді. Жәдігерлер – туған өлке мен халқымыз тари­хының куә­герлері. Өткенді білмей біз жастар бойына  патриотизм сезімін де қалып­тастыра алмаймыз. Сондықтан уақыт сабақтастығын қам­тамасыз ететін музейге көрермен тарту үшін біз  үнемі ізденіс үстіндеміз. Бұл шара да сол ізденістен туған жұмыс­тардың бірі ғана,–дейді облыстық-тарихи өлкетану музейі  дирек­то­рының орын­басары Галина Саталкина. Көрме-байқауға көпшілікті жинай білген музей қызмет­керлерінің еңбегі де айтуға тұрарлық. Қазылар алқасы  музейлердің танымдық-тарихи жобаларын қарай келе, бірінші орынды Арқалық қаласындағы Дала тарихы музейіне берді. Екінші орын­ды Алтынсариннің ме­мо­риал­дық музейі, үшінші жүлдені Жангелдин ауда­нындағы музейлер кешені иеленді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. ҚОСТАНАЙ.