Астанада Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың және Австрия Республикасының Ғылым, зерттеу және экономика федералды вице-министрі Бернадетте Гирлингердің тең төрағалығымен Қазақстан-Австрия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтті.
Отырыс барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасының экономикалық ахуалы, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашақ мүмкіндіктері бойыншы дәстүрлі пікір алмасты.
Күн тәртібінің арнайы бөлігі ретінде Австрия Республикасының Экономика, отбасы және жастар бойынша федералды министрлігі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасы шеңберінде басымды жобалардың жаңартылған тізімі талқыланды.
Делегациялар, сонымен қатар, Қазақстан-Австрия ынтымақтастығының энергетика, қоршаған ортаны және табиғатты қорғау технологиялары, көлік және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және медициналық техника, жоғары білім беру және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту салаларындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылады.
Комиccия отырысының шеңберінде Қазақстан тарапы ЭКСПО-2017 жобасының және Қазақстан Республикасына ресми көмек көрсету тұжырымдамасының тұсаукесерін өткізді.
«Егемен-ақпарат».