Дипломатиялық дәрежелер беру туралы
Мыналарға дипломатиялық дәрежелер берілсін:
Төтенше және Өкілетті
Елші дәрежесі
Нұрлан Баймолдаұлы Онжановқа Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дәрежесі
Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі,
Ерік Мылтықбайұлы Өтембаевқа Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;
ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дәрежесі
Ақылбек Әбсатұлы Камалдиновке Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 21-і. № 1007