• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2015

Бірауыздан мақұлданды

295 рет
көрсетілді

«Кентау трансформатор зауыты» АҚ – еліміздегі аса қуатты, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын ірі кәсіпорындардың бірегейі. Өткен жылы зауыт 63 кВт электр қондырғысын іске қосты. Өнімдерінің 50 пайызын экспортқа шығаратын кәсіпорын өзінің технологияларын әлемдік стандартқа сәйкестендірсе, трансформаторлары шетелдерде жоғары баға иеленуде. «КТЗ» ұжымы Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын өткізу жөнінде жиын өткізді. «Мемлекеттік саясаттың арқасында көптеген өндіріс орындары қайтадан жаңғыртылып, заман талабына сай жұмысын бастап отыр, – деді зауыттың №5 цехында өткен жиында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқарушы директоры Қайрулла Қожабаев. –Біздің кәсіпорын да қайта жаңару жолынан өтті. 2013 жылы 13 млрд. 160 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 16 миллиард теңгеге ұлғайды. Өткен жылы зауыт жанынан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Моноэлотех» ЖШС іске қосылып, қала тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылды. Бүгінде кәсіпорын тек Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы машина жасаудың көшбасшысы болып отыр. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға әрбір жұмысшының қосқан үлесі мол». Содан соң кәсіпорынның өндіріс жөніндегі директоры Ә.Шамшиев, Кентау политехникалық колледжі директорының орынбасары Т.Андабаев сөз алып, үстіміздегі жылдың 26 сәуіріне белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға тек ұжым мүшелерін ғана емес, барша қазақстандықтарды бір кісідей жұмыла қатысуға шақырды. Ұжым жиынының қорытындысы бойынша сайлау күні белсенділік танытылуы керектігі туралы үндеу қабылданып, ол бірауыздан мақұлданды. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.