АСТАНА. 20 наурыз. Әзербайжан елінде әйелі туған еркектер ақысы төленетін декреттік демалысқа шығуы мүмкін. Бұл туралы Trend порталы хабарлады.
Әзербайжанның Отбасы, әйелдер мен балалар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары Садагат Гахраманованың айтуынша, қазірдің өзінде әйелі босанған ер кісіге ақысысыз 2 апталық демалыс беріледі екен.
Сондай-ақ, С.Гахраманова 3 жылдық декретте отырған әйел егер сол аралықта жұмыс істеуге шыққысы келсе, мемлекет тарапынан бала күтіміне берілетін жәрдемақы тоқтатылмайтынын жеткізді.
Жолдыбай Базар.
Дерек: Trend.
Сурет: metronews.ru.