АСТАНА. 23 наурыз. Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Нұртай Әбіқаев Қазақстан Президентіне ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру және терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.