АСТАНА. 20 наурыз. Өзбекстанда президент сайлауы өтетін күні, яғни, 29 наурызда елде болмайтын азаматтар үшін мерзімінен бұрын дауыс беруге рұқсат бар. Дәлірегі, бұл топтағылар 19-27 наурыз аралығында ел президентіне үміткерлердің біріне дауысын беріп, өз таңдауын жасай алады. Бұл туралы REGNUM cайты хабарлады.
Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Низамитдин Нұрматовтың айтуынша, егер кейбір азамат өз тіркелген мекенде сайлау өтетін күні болмайтынын алдын ала білсе, онда ол заң бойынша ертерек, яғни арнайы белгіленген 19-27 наурыз аралығында өз дауысын бере алады.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда президент сайлауы үстіміздегі жылдың 29 наурызында өтеді. Саяси бәсекеде жеңіп шыққан үміткер елді 5 жыл басқару мүмкіндігіне ие болады.
Жолдыбай Базар.
Дерек: REGNUM.
Сурет: ult.kz.