Осыдан он жыл бұрын өз алдына отау тіккен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры бұл күнде іргелі өнер ордасына айналған. Жыл өткен сайын театр әртістерінің қатары талантты өнер өкілдерімен толығып келеді. Былтыр Асылхан Рәзиев, Гүлнәз Базарбаева секілді жоғары білімді жастар еңбек жолдарын Мағжан елінен бастауды жөн көрсе, биыл Астанадағы өнер университетін тәмамдаған алты түлек келіп орналасты.
Жуырда бұлардың бәрі баспаналы болды. Облыс әкімі Серік Біләлов оларға жайлы пәтерлердің кілттерін тапсырып, өнер жолындағы қадамдарына ақ жол тіледі. Театрда көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан бірқатар әртістер үйлерін кеңейтуге қол жеткізді.
Өмір ЕСҚАЛИ.
Солтүстік Қазақстан облысы.