• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2015

Мерейлі мерекемен нұрланған қуаныш

369 рет
көрсетілді

Наурыз Қарағанды қаласының бір топ соғыс ардагерлеріне, балалар үйлерінің бірнеше түлектері мен көпбалалы отбасыларға үлкен қуаныш ала келді. Көктемнің осы шуақты күндеріндегі шаттыққа бөленушілер жаңа пәтерлерге қоныстанушылар болды. Шаһардың «Шахтер» шағын ауданында « Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй дәл мерзімінде пайдалануға берілді. – Менің, балаларымның бүгінгі қуанышында шек жоқ. Елімізде халықтың бақытты тұрмысы үшін жасалудағы жақсылықтар шапағатын көрушілердің бірі біз болып тұрмыз. Осындай қамқорлыққа ұйытқан Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа аналық ақ алғысым шексіз, – деді облыс әкімі Н.Әбдібековтің қолынан кілт алған Айгүл Біләлова. Аймақта тұрғын үй құрылысының биыл да қарқынды жүргізілуінің бұл бір дәлелі болып, жыл басынан бері 50 мың шаршы метрі қоныстанушыларға есік ашса, алдағы уақытта 260 мың шаршы метрі және бой көтергелі тұр. Мұның өзі 2 мың 500 отбасы пәтерлі болады деген сөз. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.