Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге АШТӨ 2010 жылғы наурыз-мамыр айларында 330 мың тонна көлемде жеткізілген арзандатылған дизель отыны 18 млн. га, аумаққа тиімді агротехникалық мерзімінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасады.
Сонымен қатар негізгі ауыл шаруашылығы дақылы – астықты нарықта сату бұрынғысынша қиындап тұр. Оның үстіне негізгі экспорттық өнім – астықтың бағасының өзіндік құнынан төмендеуімен қатар жанар-жағар май бағасы көтерілуде.
Осыған байланысты, егін жинауды қамтамасыз ету мақсатында (шілде-қыркүйек) АШТӨ-і үшін жанар-жағар маймен қамтамасыз етуді көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезеңіндегі тәртібі бойынша жеңілдетілген бағамен қалдырылып, негізгі ресурс ұстаушылар арзандатылған дизель отынын облыстардың белгілеген операторларына мұнай өңдеу зауыттарынан тікелей жіберуде.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының шілде айындағы бағасы белгіленген стансада –литрі 55 теңгеге дейін, соңғы тұтынушыда – литрі 62 теңгеге дейін болып белгіленді.
Егін орағы жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына деген қажеттілік, алдыңғы жылдардағы сияқты 400 мың тонна шамасында болып отыр.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мұнай және газ министрлігі бірлесіп АШТӨ-ге арзандатылған дизель отынын жеткізу кестесін белгіледі.
Облыстарда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге күзгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті арзандатылған дизель отынын жеткізуші операторлар белгіленіп, оларға тиісті көлемдегі дизель отынына уақтылы төлемақыны төлеуді және дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.
Бүгінгі күні облыс операторлары дизель отынын жеткізушілермен келісім-шартқа отыру жұмыстарын қызу қарқынмен жүргізіп жатыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі.