• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Жаңаөзенде оқушылар екпеден соң естен танды

226 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 19 ақпан. Жаңаөзен қаласында екпеден соң оқушылар естерінен танып, ауруханаға және жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бір күнде Жаңаөзен ауруханасына түскен 30 баланың 8-і жансақтау бөліміне жатқызылса, екеуі «жедел жәрдем» көлігімен Ақтау қаласына жіберілген. Үндістаннан шығарылған қызылшаға қарсы вакцинаны қабылдаған соң балалардың басы айналып, жүрегі айнып, аяқ-қолдары қалтырай ұйып,талмаусырай бастаған. Дәрігерлер тарапынан балаларға «екпеден кейінгі реакция» деген диагноз қойылған. Мұндай екпе Маңғыстау облысы бойынша 35 мыңнан астам балаға, оның ішінде 6 мың жасөспірімге салыну керек екен. Қазір Жаңаөзенде вакцина егу уақытша тоқтатылды. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Cурет: ktk.kz.