• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Шілде, 2010

ҚАЛА КЕЛБЕТІНІҢ ҚЫРЛАРЫ

515 рет
көрсетілді

Қашанда қала – халқының салтанаты, мерейі. Демек, осы биік талғамға сай сәнді құры­лы­сы, мәнді өмірі ұштасуы қажет. Осы орайда Талдықорған қаласы күн сайын көркейіп, жаздың жа­дыраған күндерінде әсемдігімен айшықталып, көздің жауын ала­тын мәдени орындары, алты қа­нат ақбоз үйлердегі ұлттық на­қыш­тағы қымызханалары аптап ыстықта халықтың шөл басатын, кең тыныстайтын орнына айнал­ған. Қаланың аз уақытта осындай сән-салтанатқа бөленуіне облыс орталығына айналуының игі әсері тигені анық. Көп қабат­ты әсем үйлер, жасыл желек пен алқызыл гүлге оранған көшелер шаһарлықтардың мерейін өсірсе, оның басы-қасында жүрген азаматтардың өзіндік қолтаңбасы бар екенін еске салады. Десек те, шаһар тұрақты дамуды басынан өткерумен бірге жағымды жаңа­лықтарымен де айқындалған. Осының бәрін ортаға салу, қала халқының талап-тілегін зерттеу, өрістету баянды бастамаларға ұйытқы болатыны сөзсіз. Қазіргі күні Үкіметтің өңірлік даму мәселесіне барынша мән беріп отырғаны белгілі. Қалалық мәслихат депутаттары мен жұрт­шы­лық алдында есеп берген қала әкімі Сәкен Жылқайдаров осы жөнінде айта келе алда тұрған мін­деттерге жан-жақты тоқталды. Әлемдік қаржы дағдарысына қа­рамастан биылғы атқарылған жұ­мыс­тардың дені қаланың әлеу­мет­тік-экономикалық, мәдени дамуы­на, азаматтардың әлеу­мет­тік құ­қық­тары мен бостан­дық­тарын қор­ғауға және қоғамдағы саяси тұ­рақ­тылықты қамтамасыз етуге ба­ғыт­талды, деген әкім келесі кезек­те инвестиция тарту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, ден­сау­лық сақтау мен орта және шағын кә­сіпкерлікті дамыту барысында ат­қарылған жұмыс­тарға екпін берді. Бүгінгі күні қала барлық жа­ғы­нан өркендеп, әлеуметтік-эко­номикалық дамудағы оң өзге­рістер одан әрі жалғасып, беки түсуде. Қала бюджетінің түсімі молайып, ілгерілеу тіркелуде. Жыл басынан қала әкімінің аппа­раты 13 әкімдік отырыс, 17 аппа­раттық кеңес өткізіп, азамат­тар­дың 2727 өтініші қаралып, тиісті шешімдер қабылданған. Қала бас­шысы ғана 352 адамды қабыл­дап, әртүрлі сұрақ бойынша талап-ті­лектерін қанағаттандырған. Сон­дай-ақ, биылғы жылдың алғашқы 5 айында барлық сала бойынша даму байқалып, бюджетке 3 млрд. 343 млн. теңге төлем түсіп, меже 32,9 пайызға асыра орындалыпты. Әсем Астананың әр күніне таңдана қараған жетісулықтар одан өз өмірлеріне үлгі болатын тұс­тарын қабылдауда. Өйткені, мұнда өндіріс дамып, өркендеген. Өткен мерзімде өнеркәсіпте 8,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, бірқатар ірі кәсіпорын өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда өндіріс көлемін айтарлықтай ұл­ғай­тқанын айтуға болады. Қаржы дағдарысына байланысты бірқатар кәсіпорын жұмыс көлемін төмен­детуге жол бергенімен тиісті ша­ра­лардың дер кезінде қабыл­дан­ғанынан жұмыссыздық белең алма­ғаны да ұйымдастыру жұмы­сы­ның оң шешім тапқанын көрсетеді. Азық-түлік қауіпсіздігін сақ­тауда да ілгерілегендік бар. Нәти­жесінде ауыл шаруашылығында 826 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, бұл өткен жылғы деңгейден 210,6 млн. теңгеге артық. Төрт түлік өсіріп, оның өнімділігін арттыру мақсат етілген. Шағын кәсіп­керліктен бюджетке 568,3 млн. теңге түсіп, ол өткен жылғыдан 12,1 пайызға артқан.  Тұтынушы талғамын зерттеу барысында бөлшек сауда айналымы 6,5 млрд. теңгеге жетіп отыр. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар өз қаражаттары есебінен 26 нысан салып, пайдалануға бергені де жақсы істің бір парасы. Қала болашағына қажетті тың жобалар жүзеге асырылып, бар­лық қаржыландыру көздерінен 6,9 млрд. теңге инвестиция тартыл­ғаны да халықтың күнкөрісін жақсарта түсті деуге негіз бар. Тұрғын үй саласындағы жұмыс тыңғылықты қолға алынып, биыл жалпы алаңы 11,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жүздеген отбасы қоныс тойларын өткізді. Осы орайда әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылғандар мен мүгедектердің баспаналы болғаны қуанышты. Жетісудың әсем шаһары Тал­дықорғанның көрікті келбетін одан әрі қалыптастыруға барлық мүмкіндік жұмылдырылған. Соң­ғы жылдары Қаратал шағын ауда­нындағы көп қабатты тұрғын үйлер қатары көбейсе, көгал­дандыру бағытындағы жұмыстар жандана түскен. Сондай-ақ, коммуналдық салада оң өзгерістер орын алып, сыртқы безендіруге, қала жолдарын жөндеу мен көше жарығы желілерін жасауға ағымдағы жылы 1 млрд. теңге жұмсалып, тиянағы келтірілгенін де атап айтуға болады. “Жол картасы” бағдарламасы аясында биыл 7 жоба бойынша 781,7 млн. теңге бөлініп, 867 адам жұмысқа тартылып, барлық ба­ғыт­та жұмыс қызу жалғасуда. Жыл басынан бергі 2212 адам жұмыссыздық бойынша өтініш берсе, қазір олардың 1468-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, мәлімет бойынша 1 маусымда 1014 адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, олардың 471-і қоғамдық жұмысқа,  602-і қайта кәсіптік оқуға жіберілген. Осылайша қаладағы жұмыссыздық деңгейі төмендетілген. “Ауыз су” бағ­дарламасын іске асыру және жол жөндеу жұмыстары да жұртты ризашылыққа бөледі. Тұрғын­дардың аз қамтамасыз етілетін топтарына бағытталған іс-шаралар мен қолдауға азаматтар дән риза. Сондай-ақ, білім беру мен денсау­­­­лық сақтау салала­рында оң өз­­геріс, ілгерілеушілік  жүзеге асуда. Биыл қала бойынша орта мектепті 1200 түлек бітірсе, олардың 41-і “Алтын белгіге”, 12 мектеп бітіруші үздік аттестатқа қол жеткізген. Сондай-ақ, 2487 балғын балабақшада тәрбиелену­де. Қылмыстың алдын алу, балалар құқығын қорғау, тағы басқа салалар бойынша атқарыл­ған жұмыстар өз тиянағын тапқан. Депутаттар мен қала халқы алдында атқарылған жұмыстарды толық баяндаған қала әкімі Сәкен Жылқайдаров нақты нәтижеге қол жеткізу барысын­дағы әр саладағы қызметкерлерге алғысын білдірді. Келесі кезекте мінберге көтерілген Талдықорған қалалық экономика және бюд­жеттік жоспарлау басқармасының бастығы Л.Каралиева да бюджетті толықтырудағы шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбегіне тоқ­та­лып, оның атқарылуындағы ашық­тыққа мән берді. Өз ой-пікі­рін білдірген қалалық мәслихат депу­таттары, ақсақалдар мен қала тұр­ғындары өткен кезеңдегі атқарыл­ған жұмыстарға көңілдері толаты­нын, әкімнің жұмысына қанағат­танарлық деген баға беріп, алда тұрған міндеттерге де тоқталды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. ---------------------------------- Суретте: Талдықорған қаласы­ның көрікті келбеті.