• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2015

Шет мемлекеттерден алғашқы 13 байқаушыны аккредиттеді

220 рет
көрсетілді

2015 жылғы 20 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Осы қаулыға сай Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша алты шет мемлекеттен 13 байқаушыны аккредиттеді. Олардың ішінде екі-екіден – Германия Федеративтік Респуб­лика­сынан, Грузия мен Израиль мемле­кетінен, үш-үштен – Нидер­ланд Корольдігі мен Хорватия Республикасынан, біреуі – Эстония Республикасынан. Шет мемлекеттер мен халық­аралық ұйымдардың байқау­шы­ларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жү­зеге асыратын болады. Отырыстың шеңберінде Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, ол «Бұл тек басы ғана. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің кезектен тыс сайлауы­ның барысын байқауға қатысатын халықаралық байқаушылардың саны бұдан әрі арта бермек, өйткені сайлау науқанына қызығушылық жоғары», деп атап өтті. «Егемен-ақпарат».